Елена Рыбакина Жапония ашық чемпионатының 1/2 финалына шықты

227

Елена Рыбакина (WTA №7) WTA 2025 маусымының финалдық турниріне жолдама алды.

Елена Рыбакина Жапония ашық чемпионатының 1/2 финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты.

1/4 финалда ол канадалық Виктория Мбоконы (№23) 6:3, 7:6(4) есебімен жеңді. Бірінші сетте Елена 3:0 есебімен алға шығып, басымдықты сақтап қалды. Екінші партияда тартыс күшейіп, тай-брейкте Рыбакинаның тәжірибесі шешуші рөл атқарды. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.

Осы жеңістің арқасында Рыбакина WTA Финалдық турнирінің соңғы қатысушысы атанды. Бұл маусымдағы шешуші додада әлемнің ең үздік сегіз теннисшісі бақ сынайды. Турнир 2025 жылы 1-8 қараша аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтеді. Жеңімпаздар шамамен 15,5 миллион АҚШ доллары шамасында сыйақы алады.

Турнир жекелей жарыс және жұптық жарыс форматы бойынша 8 қатысушы айналмалы жүйе бойынша сынға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу