Елена Рыбакина Жапония ашық чемпионатының ширек финалына шықты

251

Қазақстандық теннисші ширек финалда жеңіске жеткен жағдайда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін маусымдық қорытынды турнирге қатысуға жолдама алады. 

Елена Рыбакина Жапония ашық чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан WTA 500 сериялы турнирін сәтті бастады. 

1/8 финалда Рыбакина канадалық Лейла Фернандеспен кездесіп, екі сетте 6:4, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды.

Осылайша, Елена ширек финалға жолдама алды. Ертең,  24 қазан күні Қазақстан уақыты бойынша таңғы 7.40-та Елена Токиодағы орталық кортта  канадалық Виктория Мбокоға қарсы кездесу өткізеді. 

Айта кетейік, бұл Елена Рыбакинаның маусымдағы 53-жеңісі және 12-ширек финалы. Өткен аптада Елена Рыбакина мен Лейла Фернандес WTA 500 турнирлерінде чемпион атанған болатын. Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында, ал Фернандес – Жапонияның Осака қаласында топ жарды.

Биыл Токиодағы турнирдің жүлде қоры – 1 064 510 АҚШ долларын құрайды. Ал жарыс жеңімпазы 164 000 доллар мен 500 рейтингтік ұпай иеленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу