Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды

583

Брисбенде (Австралия) теннистен халықаралық турнир өтіп жатыр.  

Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды Фото: olympic.kz

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда Анастасия Потаповамен (Ресей) ракетка түйістірген отандасымыз бірінші сетте (6:1) есебімен басым түсті. Ойын барысында ескі жарақаты сыр берген ресейлік кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Жартылай финалда еліміздің бірінші ракеткасы- Линда Носкова (Чехия) және Мирра Андреева (Ресей) кездесуінің жеңімпазымен ақтық сын жолдамасын сарапқа салады.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 1 млн 736 мың долларды құрайды. Жеңімпаз 500 рейтингтік ұпаймен бірге 220 мың доллар көлемінде сыйақы алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу