Елена Рыбакина жарысты күтпеген жеңіліспен аяқтады

169

Турнир жеңімпазы 161 310 еуро мен 500 ұпай алады.  

Елена Рыбакина жарысты күтпеген жеңіліспен аяқтады Фото: championat.com

Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жарысты күтпеген жеңіліспен аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1/8 финал кезеңінде ол филиппиндік Александра Эала-мен кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша 5:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Рыбакина турнирге екінші нөмірлі теннисші ретінде қатысып, басты фавориттердің бірі саналғанымен, бұл нәтижемен жарыстан ерте шығып қалды. Бұл жағдай жанкүйерлер арасында сенсация ретінде бағаланды.

Айта кетейік, Берлиндегі WTA 500 турнирінің жеңімпазы 161 310 еуро көлемінде сыйақы мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу