Елена Рыбакина жеңіс саны жөнінен әлемде көш бастады

118

Қазақстандық теннисші 27 жеңіспен көш басына шықты. 

Елена Рыбакина жеңіс саны жөнінен әлемде көш бастады Фото: WTA

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина биылғы маусымда бірегей нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина бұл көрсеткіш жөнінен әйелдер, сондай-ақ ерлер арасында да бірінші орында тұр.

Әлемнің ерлер арасындағы бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнердің есебінде 26 жеңіс бар. 

Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында қытайлық Чжэн Циньвэньді жолдан тайдырған Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 56-ракеткасы, аустриялық Анастасия Потаповамен таласады. 

Матч 29 сәуірге қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 00.00-ге белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу