Елена Рыбакина жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады

248

Қазақстандық спортшы маусымды 8099 ұпаймен аяқтады.

Елена Рыбакина жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады Фото: news.sportbox.ru / ЖИ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша әлемдік рейтингтің көшбасшысы атанды. WTA оны жыл соңындағы әлемнің бірінші ракеткасы деп ресми түрде таныды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рыбакина биыл "Үлкен дулыға" санатындағы екі турнирде – Australian Open және US Open жарыстарында жеңіске жеткен.

Қазақстандық спортшы маусымды 8099 ұпаймен аяқтап, мансабында алғаш рет жылдық рейтингте бірінші орынға шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу