Елена Рыбакинаның Дубай WTA 1000 турниріндегі қарсыласы анықталды

832

Дубай WTA 1000 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакинаның Дубай WTA 1000 турниріндегі қарсыласы анықталды Фото: Sports.kz

Е.Рыбакина бастапқы кездесуін әлемнің 31-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренко немесе рейтингіде 43-орындағы нидерландылық Аранча Рустың қай жеңгенімен өткізеді.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 76-ракеткасы Юлия Путинцева негізгі турнирге өте алмады. Ол іріктеу сайыстарының финалында тартысты бәсекеде әлемнің 52-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Фрешке жол берді - 3:6, 6:3, 4:6.

Сондай-ақ ерлер арасында әлемнің 189-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Доха ATP 250 додасының іріктеу сайысында сүрінді. Ол әлемнің 140-ракеткасы, словакиялық Лукаш Клейнге есе жіберді - 4:6, 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Доха турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу