Елена Рыбакинаның ширек финалдағы қарсыласы анықталды

366

Турнир жеңімпазы қомақты сыйақыдан бөлек 500 рейтингтік ұпай иеленеді. 

Елена Рыбакинаның ширек финалдағы қарсыласы анықталды Фото: olympic.kz

Елена Рыбакина (WTA №5) Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды. 1/8 финалда ол испаниялық Паула Бадосаны (WTA №25) екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Айта кетерлігі, алғашқы сетте қазақстандық теннисші 0:2 есебімен ұтылып жатқанымен, камбэк жасап, партияны өз пайдасына шешті. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды. Рыбакина 3 эйс орындап, қос қателікке жол берген жоқ. Ал, Бадоса 6 эйс жасап, 9 қос қателік жіберді.

Жартылай финалға шығу үшін Рыбакина әлемдік рейтингте 20-орында тұрған чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.

Мухова 1/8 финалда сенсация жасап, ресейлік Екатерина Александрованы (№10) 6:4, 7:5 есебімен жарыстан шығарды. Брисбендегі турнир 4-11 қаңтар аралығында өтуде. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,2 миллион АҚШ долларын (613,4 млн теңге) құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу