"Елігай" балалар хоры Қытайдағы халықаралық фестивальде алтын жүлде иеленді

206

Хордың көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Әсем Есенова.

"Елігай" балалар хоры Қытайдағы халықаралық фестивальде алтын жүлде иеленді Фото: gov.kz

К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің "Елігай" балалар хоры Гонконг пен Шэньчжэнь қалаларында өткен II Халықаралық хор фестивалінде алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Байқау қорытындысы бойынша өнерпаздар "Хор ұжымы" аталымында ең жоғары ұпай жинап, Gold Award марапатына ие болды. 

Жас өнерпаздар кәсіби шеберлігін танытып, шығармаларды әсерлі жеткізу мәнерімен ерекшеленді. Орындаушыларға Австралия, Италия, Германия, Беларусь, Қытай, Таиланд, Қазақстан және өзге де елдердің белгілі дирижерлері, композиторлары мен педагогтерден құралған халықаралық қазылар алқасы баға берді.

Фестиваль 2026 жылғы 12-17 шілде аралығында өтіп, оған әлемнің оннан астам елінен келген хор ұжымдары мен музыка саласының мамандары жиналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу