Үкімет отырысында бүгін мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде оның көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, 2024 жылдың қорытындысында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 14,52 млн тоннаға жеткен, осы жылы 14,55 миллион тонна өнім өндіру көзделіп тұр. Ал 2040 жылға дейін мұнай өнімдерін өндіруді 14,52-ден 29,2 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланған.
– 2040 жылға қарай заманауи отын-мұнай-химиялық конфигурацияда қуаты 10 млн тонна мұнай өңдейтін жаңа үлкен сыйымдылықтағы ірі зауытты іске қосу және өңдеу қуатын 30-дан 40 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Жаңа зауыттың өңдеу тереңдігі 95%-ды құрайды. Бұл жобаларды жүзеге асыру ішкі нарықтың жанар-жағармай материалдарына өсіп келе жатқан сұранысын 100% қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көршілес елдерге экспорттауға мүмкіндік береді, – деді министр.
Сонымен қатар, 2040 жылға қарай мұнай өнімдерінің сапасын қазіргі экологиялық стандартынан K4-тен K5+ деңгейіне дейін тұрақты түрде жақсарту және сыртқы нарықтарға экспорттау күтілуде.