Елімізде 6 банк мультивалюталық депозит ұсынып отыр

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
2842

Соңғы 7 айдағы жеке тұлғалардың мерзімді және шартты салымдары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,5%-ға кем. 

Елімізде 6 банк мультивалюталық депозит ұсынып отыр

ranking.kz сараптамалық порталының жазуынша, шілде айында Қазақстан банктері жеке тұлғалардан 782,6 млрд теңге көлемінде мерзімді және шартты салымдар қабылдаған. Бұл өткен жылдың шілдесінде көрсеткішпен салыстырғанда 14,8%-ға аз. 

Ұлттық валютада салынған салым көлемі - 501,5 млрд теңге. Теңгедегі салым көрсеткіші 2016 жылдың шілде айымен салыстырғанда 23,8%-ға, яғни 96,4 млрд теңгеге өскен. Жалпы, жыл басынан бері (қаңтар-шілде) 3,5 трлн теңге тартылған. Бұл 2016 жылдың қаңтар-шілде айларындағы көрсеткіштен 23,2%-ға немесе 663,8 млрд теңгеге артық. 

Ал шетелдік валютадағы мерзімді және шартты салымдар 281,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылдың шілдесіндегі көрсеткіштен 45,3%-ға немесе 232,4 млрд теңгеге кем. Осы жылдың қаңтар-шілде айларында 2,6 трлн теңге салым тартылған. Аталған көрсеткіш өткен жылғы деректермен салыстырғанда 1,5 трлн теңгеге (36,5%) аз. 

Осы орайда ішкі валюта нарығында шетел валютасына деген сұраныстың арта түскенін атап өткен дұрыс. Жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банкке соңғы 12 ай ішінде екінші рет интервенцияға жүгінуге тура келді. 2017 жылдың тамыз айында реттеуші ұйым валюта нарығында 70 млн долларды сатқан. 

Бұл ретте, теңгенің тиімді айырбас бағамының нақты индексі жыл басынан бері 100-ден төмен болып отыр. Бұл теңгенің Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің валюталық қоржынында толықтай сатылып кеткендігінің дәлелі. Шілде айында бұл көрсеткіш мұнай саудасын қоса есептегенде 79,5%-ды құрады. Оның ішінде 84,6-сы ТМД елдерінің валюталық қоржынына, ал 75,9-ы алыс шет елдердің валютасына тиесілі. 

Жеке тұлғалар үшін валюталық тәуекелдерді сақтандырудың бір ғана қолжетімді тәсілі бар. Ол – мультивалюталық депозит. Бұл ретте Қазақстан банктерінің тек алтауы ғана өз клиенттеріне салымдарды мультивалюталық депозитте сақтауға мүмкіндік беріп отыр. Мультивалюталық салымдар үшін көбінің ұсынып отырған мерзімі – 2 жыл. 

Теңгедегі ең максимальды мөлшерлеменіАстана банкі (13,2%) , RBK және AsiaCredit ұсынып отыр. Одан кейін Qazkom (12,0%) және Цеснабанк (11,5%) тұр.

АҚШ долларындағы мөлшерлеме бойынша да Астана банкі, RBK және AsiaCredit алда тұр (1,5%). Цеснабанк - 1,4%-ды, Qazkom 1,0%-ды ұсынып отыр.

Еуро бойынша Астана банкі мен AsiaCredit көш бастап тұр (1,5%). RBK - 1,0%-дық, Цеснабанк 0,5%-дық және Qazkom 0,4%-дық базалық мөлшерлемені белгілепті. 

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу