Елімізде бірде-бір жанармай құю станциясының жанармай бағасын реттеуге нарықтық күші жоқ

9919

Бизнестегі маржиналдылық небары 2%-ды құрайды және бұл дизель отыны мен АИ-92 қымбаттағаннан кейін өспейді, деп мәлімдеді Qazaq Oil бас директоры Төлеміс Шотанов.

Елімізде бірде-бір жанармай құю станциясының жанармай бағасын реттеуге нарықтық күші жоқ Фото: Qazaq Oil

Осы сәрсенбіден бастап Қазақстанда дизель отыны мен АИ-92 маркалы бензиннің шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасы ресми түрде көтерілді. Бұл шешім қаншалықты орынды? Жанармай құю станциясының бизнесіне қалай әсер етеді? Өсудің жаңа толқынын күту керек пе? inbusiness.kz сұрақтарына Qazaq Oil бас директоры Төлеміс Шотанов жауап берді. 

- Төлеміс Садықұлы, сәлеметсіз бе! Үкімет мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне шекті бағаны өсіру туралы шешім қабылдады. Qazaq Oil жанармай құю станцияларының желілерінде АИ-92 дизель отыны мен бензин бағасының өсуі күтілуде ме?

– Бүгінгі таңда мұнай өнімдері нарығында дизель отынымен байланысты күрделі жағдай қалыптасып жатыр. Бұл жағдай көбінесе баға диспаритетінің болуына байланысты қалыптасты. Бүгінде Қазақстандағы жанармай құю бекеттеріндегі баға Ресей мен Қырғызстандағы, көршілес мемлекеттердегі бағамен салыстырғанда айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл жағдайда белгілі бір отын ағындары жүзеге асырылады.

Осы жағдайды түсіне отырып, Энергетика министрлігі "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. 12 сәуірден бастап бұл бұйрық дизель отынының литріне 295 теңге, АИ-92 бензині үшін 205 теңге деңгейінде рұқсат етілген шекті бағаны белгілейді. Нарықтық шындық бағаның өсуіне итермелейді. Заңға бағынатын компания ретінде біз, ең алдымен, Бәсекелестікті қорғау агенттігі сияқты басқа да бақылаушы құзыретті органдардың ұстанымына сүйенеміз.

Қазіргі уақытта біз оларға осы бұйрыққа түсіндірме берсін деп тиісті хат жолдадық. Оң жауап алғаннан кейін, әрине, біз бағаны көтереміз. Себебі, осы бұйрықта мұнай өңдеу зауыттарынан босатуға рұқсат етілген шекті баға дизель отынының тоннасына 284 350 теңге деп анық көрсетілген. Мұнай өңдеу зауыттаруынан мекен-жайымызға сату бағасы көтерілгеннен кейін, әрине, біздің экономикамыз дизель отынын ескі бағамен жіберуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан бағаның өзгеруі жақын арада болады.  

- Қазір мемлекет бағаны реттеп отыр. Бүгінде бағаны көтеру қаншалықты орынды?

– Бұл шара өте қажет және басқа балама нұсқа жоқ, өйткені біз нарықтық экономикада өмір сүреміз. Бұл басқа мемлекеттермен экономикалық қатынастар туралы. Қазақстан аумағы арқылы көптеген транзиттік фуралар өтеді. Әкімшілік реттеу әдістерімен бұл мәселені шешу өте қиын. Жанармай бағасы іргелес елдермен бағаға қатысты азды-көпті теңестірілмейінше, ағын болады.

Осы тұста мына бір жайтты атап өткім келеді. Өкінішке қарай, жанармай құю станциялары кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік медиада сынның астында қалды. Мұнда жанармай құю станциялары тізбектегі ең маңызды буын емес екенін түсіну керек. Біз тек өнімді сатумен айналысамыз. Қарапайым тұтынушылар бұл жағдай жанармай құю станциясы үшін тиімді деп ойлауы мүмкін. Бірақ іс жүзінде олай емес. Қарапайым мысал келтіріп өтейін. 

Дизель отынының бағасы бүгінде 230-260 теңге маңайында, орташа бағасы – 245 теңге. Жаңа бұйрық бойынша шекті баға 295 теңге деңгейінде болады. Яғни ол 50 теңгеге қымбаттайды. Сонымен қатар, мұнай өңдеу зауыттарынан ЖМҚС-ға сату бағасы тоннасына 222 мың теңгеден 284 мың теңгеге дейін көтерілді. Яғни, ресурс ұстаушылар ЖМҚС-қа қатысты бағаны 62 мың теңгеге көтереді. Пайда болған айырмашылық ешқандай жағдайда да жанармай құю станциялары иелерінің қалтасына түспейді. Ол толығымен мұнай өндіруші ұйымдардың теріс сальдосын жабуға жұмсалады. 

Мен жанармай құю станциялары баға өзгеруінің бенефициары емес екенін нақты айта аламын. Бұл біздің экономикамыздың жақсаруына әсер етпейтіні сөзсіз. Негізінде, біз сол маржиналдылық деңгейінде қаламыз. Жанармай құю станциялары нарығындағы маржиналдылық нормасы бүгінде өте төмен және компания айналымының тек 2%-ын құрайды. Бағаның өзгеруі жанармай құю станциясының иелері үшін қосымша пайда әкелмейді.  

- Бензиннің сапасы туралы не айтуға болады?

–Оның бензин сапасына ешқандай қатысы жоқ. Өйткені отын жеткізушілері әлі де үш мұнай өңдеу зауыты болып отыр, олардың жолға қойылған өз бизнес-процестері бар. 

- Елімізде жанар-жағармай бағасы қалайша ең төмен?

- Тарихи тұрғыдан Қазақстан ең арзан отыны бар елдердің алғашқы бестігіне кіреді. Бұл  нарықтық тауар болғаннан кейін, нарықтық баға қалыптасуы керек екенін түсінеміз. Ал ЖҚС желілері бұл мәселеде decision maker емес, біз бағаны белгілеуде шешім қабылдамаймыз. Бүгінгі таңда жанар-жағармай бағасы мемлекетпен реттеледі. Біз мұнай өңдеу зауыттарынан мұнай өнімдерін тұтынушылардың автозагына дейін жеткізуге, сапаның сақталуына жауаптымыз.

– Баға Энергетика министрлігінің бұйрығымен белгіленгеннен төмен болуы мүмкін бе?

- Біз рұқсат етілген шекті баға туралы айтып отырмыз. Әрі қарай қандай баға болатынын айту қиын. Мұның барлығы да экономикаға байланысты. Бүкіл нарықтағы экономика өте оңтайлы емес. Бізде баға реттелгендіктен, компаниялардың кірістілігі төмен. Ресурсқа, мұнай өнімдеріне сату бағасы ресурс ұстаушылар тарапынан қымбаттаған кезінде біз қандай да бір түрде нарыққа шығуымыз керек екені түсінікті. Мен нақты айта алмаймын. Бұйрық рұқсат береді, бірақ бүгінгі нарықтық жағдай бағаны төмендетуге мүмкіндік бермейді. Бәлкім қосымша оңтайландыру есебінен кейбір өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ ол да елеусіз болады деп ойлаймын.

- Бұйрық 12 сәуір күні күшіне енді. Неге жанармай құю станциялары бағаны әлі көтерген жоқ?

- Алдыңғы партиялар деген ұғым бар. Әр компанияда белгілі бір қор қалыптасты. Біз оларды сатып болмағанға дейін бағаны көтермейміз. Меніңше, бағаны көтеру мәселесі бірнеше күннің еншісінде, себебі алдыңғы партиялардан ешқандай көлем қалмады деуге болады.

- Бүгін кейбір ресурстарда Маңғыстау облысындағы заңсыз жұмыстан шығару туралы қызметкерлеріңіздің бейнежазбасы жарияланды. Бұл туралы не айтасыз?

- Qazaq Oil компаниясы Қазақстандағы ең ауқымды ЖМҚС желісін басқарады. Бізге нарық үлесінің 25%-ы тиесілі және елдің әрбір ауданында біздің жанармай құю станциямыз бар. Соңғы 3 жылдағы динамика көрсеткендей, Маңғыстау облысы бойынша филиал ең тиімсіз болып отыр. Бұл облыста тұтыну құрылымында үлкен үлесті сұйытылған мұнай газы алады.

Кезінде компания газдың белгілі бір көлемін алды. Бірақ соңғы 3 жылда бұл 75%-ға қысқарды. Компания өніммен байланысты қиындықтарға тап болып, біз одан әрі шығынға ұшырамау үшін экономикамызды қайта қарауға мәжбүр болдық. Шаралардың бірі біздің кейбір жанармай құю станцияларын жеке қолға беруді көздеді. Біз өз қызметкерлерімізге қамқорлық жасап, жаңа станция иесімен жұмыс орындары мен жалақыны сақтау бойынша барлық міндеттемелерді өз мойнына алады деген келісімге келдік.  

Тиісті хабарламалар қызметкерлерге жолданды. Сонымен қатар біз оларға қосымша 2 лауазымдық жалақы бердік. Қызметкерлердің басым көпшілігі бұл идеяны қолдады. Бірақ кейбіреулер оған келісе қоймады. Олар компанияның шығынға ұшырағанына қарамастан, біз бұл штатты әлі де қамтамасыз етуіміз керек деп санайды. Өкінішке қарай, бұл мүмкін емес. Біз барлық факторларды ескердік, біздің тарапымыздан заң бұзушылықтар жоқ. Бүгінгі таңда жалға алушымен біздің қызметкерлерді жұмысқа қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

- Компанияның осы жылғы жоспарлары мен міндеттері туралы айтып өтсеңіз.

Компания желіге ребрендинг жасау, қайта құру, жаңғырту процесін жалғастырады. Біз мұнай базаларын жаңғыртып, қосымша жаңа бензин тасығыштар сатып алу, басқа да объектілерді жаңартуымыз керек. Бұл көп қаражатты қажет етеді. Біз 17 жанармай құю станциясы жұмыс істейтін франчайзинг бағдарламасын дамытып жатырмыз. Оларды жыл соңына дейін қырыққа жеткізу жоспарланған. Жалпы алғанда, Qazaq Oil бұрынғыдай өз тұтынушыларын автожанармай құю кешендеріндегі тауарлар мен қызметтердің жоғары сапасымен қуантуға ұмтылатын болады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу