Елімізде ипотекалық нарық кеңейтілді: коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды

185

Бұған дейін бұл жүйе тек "Отбасы банк" арқылы жүзеге асырылып келген.  

Елімізде ипотекалық нарық кеңейтілді: коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды Фото: ranking.kz

Енді коммерциялық банктер де тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесіне қатысып, азаматтарға жаңа ипотекалық өнімдер ұсына алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа заңнамаға сәйкес, екінші деңгейлі банктер салымшылардан қаражат тартып, жинақталған қаржы негізінде төмен пайызбен ипотекалық несие бере алады.

Алайда коммерциялық банктердегі бұл жүйеде мемлекеттік сыйақы қарастырылмайды. Ал "Отбасы банк" салымшылары бұрынғыдай жыл сайын 20 пайыз көлемінде мемлекеттік сыйақы ала береді.

Ұлттық банктің мәліметінше, бұл өзгерістер ипотекалық нарықтағы бәсекені күшейтіп, тұрғын үй алуға арналған жаңа мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу