Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазіргі таңда біз бастапқы жарнаны төмендетуді көздейтін тетікті пысықтап жатырмыз. Қаржылық модельді "Отбасы банкпен" бірлесіп әзірлеу үстіндеміз. Шамамен 2027 жылға қарай осы жаңа тетіктерді жариялайтын боламыз", – деді комитет төрағасы тілшілердің сауалына берген жауабында.
БАҚ өкілдері бастапқы жарнаны қанша пайызға төмендету жоспарланып отырғанын нақтылады.
"10%-ға дейін", – деп қысқа қайырды спикер.
Айта кету керек, бұған дейін елімізде жаңа автокөліктер бағасы арзандағанын жазғанбыз.