Елімізде мұғалімдердің жүктемесі азаяды

454

Есептер саны азайтылып, оның ішінде цифрлық платформалар мен жүйелердегі есептер қысқартылмақ.

Елімізде мұғалімдердің жүктемесі азаяды Фото: buxdpi.uz

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік саясат және адами капиталды дамыту саласында азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі бастамаларға тоқталып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Халықтың табысын арттыру үшін ең төменгі айлық жалақы мөлшері 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін өседі. Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің учаскелік қызметі мамандарының жалақысы тәжірибесі мен жүктемесіне қарай сараланған қосымша төлемдер есебінен арттырылатын болады. Атаулы әлеуметтік қолдау көрсету бөлігінде жыл соңына дейін отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың жаңа цифрлық тәсілдерін пилоттық сынақтан өткізу аяқталады, мұқтаждық қағидатын енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталады", – деді Серік Жұманғарин.

Білім беру саласында келесі жылдың соңына дейін балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ерте бағалау бойынша мәселе пысықталмақ.

"Сонымен қатар, мұғалімдер қауымын институционалдық қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Педагогтарға түсетін артық жүктемені есептер санын азайту, оның ішінде цифрлық платформалар мен жүйелердегі есептерді қысқарту есебінен айтарлықтай төмендету жоспарланады", – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Айта кету керек, бұған дейін  Астанада жаңа әуежай құрылысы 2027 жылдың маусымында басталатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу