Елімізде спорт күні атап өтілуде

97

Бүгін еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылып жатқан мерекелік іс-шаралардың басым бөлігі спорт ардагерлері мен еңбек сіңірген жаттықтырушыларды ұлықтауға, сондай-ақ бұқаралық және балаларға арналған спорттық іс-шараларға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елімізде спорт күні атап өтілуде Фото: gov.kz

Бүгін Қазақстанда спорт күні аталып өтуде! Бұл мереке 2004 жылы ресми күнтізбеге енгізілген. Дәстүр бойынша тамыз айының үшінші жексенбісінде тойланады. Биылғы спорт күнінде еліміз бойынша 150-ден астам іс-шара өтуде.

Спорт күні мерекесіне орай елордада отандық дене шынықтыру мен спортты дамытуға үлес қосқан үздік мамандарды марапаттау рәсімі өтті.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жиынға қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, ел спортының дамуына үлес қосып жүрген жандардың еңбегінің маңызына тоқталды.

"Спорт – тек халықаралық аренадағы жетістіктер ғана емес, сонымен қатар жаттықтырушылардың, мамандардың және осы саланы дамытуға үлес қосып жүрген барша азаматтың үлкен еңбегі. Дәл сіздердің жанқиярлық, кәсібилік және өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктің арқасында біз осындай табысқа жетіп, Қазақстанды спорт алпауыты ретіндегі беделін нығайтып келеміз. Бүгін біз өскелең ұрпаққа үлгі болып, елдің спорт қауымдастығын шабыттандырған жандарға құрмет көрсетеміз", – деді министр.

Салтанатты рәсім барысында жаттықтырушылар, мамандар және спортшылар арнайы марапаттарға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу