banner

Еліміздегі 97 116 күзет қызметкеріне қару алып жүру құқы берілген

1508

Қазақстанда 5127 жеке күзет ұйымы бар. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында айтылды.

Еліміздегі 97 116 күзет қызметкеріне қару алып жүру құқы берілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданғанда депутат Арман Қожахметов тың деректі алға тартты. 

"Қазақстандағы жеке күзет ұйымдары азаматтар мен заңды тұлғалардың өмірін, денсаулығын және мүлкін қорғау жөнінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттік органдарға белсенді көмек көрсету бойынша маңызды миссияны орындайды. Қазіргі кезде Қазақстанда 5127 жеке күзет ұйымы бар. Бұл ретте күзету және қару алып жүру құқына лицензиясы бар білікті күзетшілердің саны 97 116 адамға жетті. Өткен жылы жеке күзет күштері тарапынан 605 қылмыстық құқықбұзушылық, 11 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. 11,5 мың құқық бұзушы ұсталып, полицияға берілді. Сонымен қатар 1200-ге жуық ұрлықтың алдын алды", –  деді мәжілісмен. 

Белгілі болғандай, заң жобасы арқылы еңбек кодексіне және "Күзет қызметі туралы" заңға өзгеріс пен толықтыру енгізіледі. 

"Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 52-бабына жұмыскер заңнамада белгіленген, кәсіптік қызметке қойылатын қосымша арнайы талаптарға сай келмеген жағдайда жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу негіздерін нақтылауға қатысты түзету енгізу ұсынылды. Бұдан басқа, "Күзет қызметі туралы" заңның бұрын теріс себептермен жұмыстан шыққан адамдарға күзетші лауазымында жұмыс істеуге тыйым салу туралы нормаларды алып тастау бастамасы көтерілді. Өйткені заңнамада "теріс себептермен жұмыстан шығару" деген ұғым жоқ және еңбек кодексінде осы негіз бойынша еңбек шартын бұзу көзделмейді", – деді депутат. 

Қанат Махамбет


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу