Еліміздегі баспана бағасына қатысты елең еткізерлік жаңалық жарияланды

Енді демографиялық факторлар жылжымайтын мүлік нарығындағы сұранысты қолдап тұрады.  

Еліміздегі баспана бағасына қатысты елең еткізерлік жаңалық жарияланды Фото: gov.kz

Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оның сөзінше, баспана – кез келген жас отбасының маңызды мәселесі. Сол себепті, тұрғын үйге сұраныс әзір тоқтамайды. 

– Жаңа отбасы құрылған кезде ең бірінші жоспары – тұрғын үй сатып алу. Сондықтан, 2000-2009 жылдары өте айқын байқалған демографиялық үдеріс, яғни бэби-бум соны байқатты. Дәл солай 2026-2027 жылдары тұрғын үйге деген сұранысқа қатты әсер етеді, – деді ол. 

Ләззат Ибрагимова сол себепті тұрғын үй бағасы, ең ықтимал сценарий бойынша қымбаттай беретінін жеткізді. Десе де, нарықтың әртүрлі сегментінде жағдай әртүрлі өрбуі де ықтимал. 

– Бағаның төмендеуі болмайды, мұны нақты айта аламын. Екінші нарықта, мүмкін, стагнация болады. Ал бастапқы нарықта көп нәрсе шикізат пен құрылыс материалдарының бағасына, құрылыс саласында жұмыс істейтін адамдардың жалақысына байланысты. Бірақ қазіргі демография мен қолдағы деректерге қарап, бағаның төмендеуі екіталай, – деп нақтылады сөзін банк басшысы.

Бұған дейін Қазақстанда биыл 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынатынын хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу