Еліміздегі ең қымбат ТОП-3 футболшының есімі белгілі болды

Бұл статистика соңғы жаңартылған мәліметтер негізінде жасалған. 

Еліміздегі ең қымбат ТОП-3 футболшының есімі белгілі болды Фото: ҚФФ

Бір қызығы, 3 футболшы да қазір қазақстандық клубтарда доп теппейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасының ең қымбат футболшысы – "Ахмат" клубының ойыншысы Максим Самородов. 24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушының трансферлік құны 1 миллион еуроға өсіп, 4 миллион еуроға (2 миллиард теңгеден астам) бағаланған.

Осыған дейін Қазақстан құрамасының ең қымбат футболшысы болған Дастан Сәтбаев 3,5 миллион еуромен екінші орында тұр. 

Ал үздік үштікті ұлттық құраманың капитаны, Санкт-Петербургтің "Зенит" клубының қорғаушысы Нұралы Әліп түйіндеген. Оның трансферлік құны 2 миллион еуроға бағаланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу