Астана қаласындағы бұл жағдай тұрғындарды бір алаңдатып қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша, елордада бастапқы нарықтағы пәтерлердің құны шілде айымен салыстырғанда 3,9% қымбаттаған. Аталған көрсеткіш 2022 жылдың наурызынан бері енді тіркеліп отыр. Ал осыдан 10 жыл бұрын, яғни 2015 жылдан бері мұндай деңгейден жоғары өсім небәрі 3 рет ғана тіркелген.
Екінші нарықтағы баспана бағасында да өсім байқалады. Ол – айына +1,7%. Пәтерді жалға беру бағасы айлық көрсеткіш бойынша 3,1% қымбаттады. Десе де, биыл бұдан да ауқымды өсімдер тіркелгені тағы бар.
Бір қуанарлығы, жаңа тұрғын үй бағасы екінші ай қатарынан өскен жоқ. Ал қайталама нарықта бағаның біршама артуы байқалған.
Сондай-ақ, шілде айымен салыстырғанда жалдау ақысы 1,7%-ға өсті. Былтырғы жаңа оқу жылы қарсаңындағы баға да (1,5%) осыған ұқсас.