Еліміздің қауіпсіздігін күшейту бәрінен де қымбатқа түспек

Куралай Абылгазина Куралай Абылгазина
10405

Үкімет биылғы жылғы бюджетке түзетулерді мақұлдады. Еліміздің қорғаныс саласы қосымша 70,2 млрд теңгені қажетсініп отырған жәйі бар.  

Еліміздің қауіпсіздігін күшейту бәрінен де қымбатқа түспек

Бүгін үкіметте жаңадан тағайындалған Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен алғашқы отырыс өтті. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов әріптестеріне 2016 жылға түзетілген бюджетті ұсынды. Еске сала кетсек, бюджетке соңғы рет түзету ақпан айында енгізілген болатын.

2016 жылы бюджеттің кірісі 843,9  млрд теңгеге (трансферттер есебінсіз) артып, 4,2 трлн теңгеге жететін болады. Ақпан айындағы түзетулерде кіріс 3,3 трлн теңге деңгейінде болады деп болжанған еді. Бүгінгі отырыста қаржы министрі өсу экспорттың 10,1%-ға,  импорттың 20,7%-ға, мұнай емес сектордағы   ЖҚҚ (жалпы қосалқы құн) 2,5%-ға, сонымен қатар мұнайға деген ЭТП мөлшерлемесінің бір тоннаға 20 доллардан 35 долларға артуы арқасында болып отыр деп мәлімдеді.  Сондай-ақ, болжамда 190  млрд теңгеге нақты бір дүркін түсімдер көрсетілген.

Сонымен қатар, үкімет биыл Ұлттық қордың қаражаты ақпан айында болжанғаннан 454,9  млрд теңгеге аз жұмсалады деп отыр. Бюджет кірісінің өсуі Ұлттық қордың кепілді трансфертін 400,3  млрд теңгеге қысқартуға мүмкіндік береді. Оның мөлшері түзетілген бюджетте көрсетілген 2,8 (8  млрд доллар) трлн теңгенің орнына  2,4 трлн (6,9  млрд доллар) теңгені құрайтын болады. Сонымен қатар, Ұлттық қордың мақсатты трансферті ХҚҰ (халықаралық қаржы ұйымы) қарыздарын тарту мен үкіметтің  арнайы резервінің азаюына байланысты жобаларды іске асырудың мерзіміне түзетулер енгізу есебінен 54  млрд теңгеге қысқарып, 755,9  млрд теңге болды. 

Бюджеттің шығындары керісінше 379,9  млрд теңгеге артып, 8,6 трлн теңгені құрайтын болады. Бұл жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және экономикалық өсуді ынталандыруға қажет деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов. Бұл шаралар 283,4  млрд теңгені қажет етеді және олар үш бағытта жұмсайды. Яғни, АӨК қолдауға қосымша 97,3  млрд теңге, ИИДМБ-ға қосымша 111,9  млрд теңге, көліктік инфрақұрылымды дамытуға 74,2  млрдтеңге бөлу ұсынылып отыр.

Сондай-ақ, нақтыланған бюджетте "еліміздің және азаматтардың қауіпсіздігін арттыру"  шараларына шығындар жұмсалатынын атап кету керек. Қорғаныс шараларына жұмсалатын қосымша шығын 
70,2 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар, ірі халықаралық шараларға (оның ішінде Астана қаласының инфрақұрылымы бар) дайындық үшін бюджеттен қосымша 76,7  млрд теңге жұмсалатын болады. Ондай іс-шараның қатарында ЭКСПО-2017 көрмесі және Универсиада 2017 бар.

Сондай-ақ, бюджеттен қосымша 64,2  млрд теңге қарастырылып,  оның 53,3  млрд теңгесі "Назарбаев университетінің" білім беретін нысандарының құрылысына жұмсалады. Ал, 6,4  млрд теңгені "Балапан" бағдарламасына жұмсау көзделуде. Бюджет тапшылығы бойынша болжам еш өзгерген жоқ, ол 902,7  млрд теңге немесе ЖІӨ-ге 2% болып тұр.

Құралай Абылғазина 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу