Еліміздің құрылысшылары Түркіменстанды тұрғызбақ

Аскар Чокин Аскар Чокин
14050

Қазақстандық компаниялар құрылыс, көлік және темір жол құрылысына қатысуы мүмкін.  

Еліміздің құрылысшылары Түркіменстанды тұрғызбақ

2017 жылдың 3 мамырында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркіменстанға барды. Ашхабадта Асқар Маминнің және Түркіменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Байрам Аннамередовтың төрағалығымен экономика, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-түркімен үкіметаралық комиссияның (ҮАК) 9 отырысы өтті.

ҮАК 9 отырысына қатысушылар бұған дейін қолжеткізілген уағдаластықтың іске асу барысын талқылап, отын-энергетика, көлік-коммуникация, ғарыш, ауыл шаруашылық саласы, қоршаған ортаны қорғау білім беру және мәдениет саласында ынтымақтастықтың басым бағыттарын дамыту бойынша бірқатар нақты шараларды белгіледі.

Отырыс барысында  қолданыстағы келісімді-құқықтық базаны жетілдіру, сауда-экономикалық байланыстарды  өсіру есебінен экономикалық ынтымақтастықты нығайту, экспорттық-импорттық операциялар көлемін арттыру, көрсетілетін қызмет пен жеткізілетін тауардың көлемі мен номенкулатурасын кеңейту қажеттілігі  айтылды.

"Қазақстан компанияларының Ашхабад-Ауғанстан шекарасы жолының құрылысына, темір жол учаскесін, қашықтығы 243 шақырым болатын  Түркіменабат – Мары жолын, сондай-ақ Фараб қаласындағы рельс дәнекерлеу кәсіпорынын және Сердар қаласындағы вагон жөндеу зауытын жаңғыртуға қатысу туралы алдын ала уағдаластық жасалды. Сонымен бірге тараптар Түркіменстанға арналған ғарыш аппараттары құрылысы жобасын және ғарыш саласы мамандарын оқыту, Маңғыстау облысы және Балқан уәлаятының шекара маңында сауда аймағын салу, Аралды сақтап қалу халықаралық қоры аясында ынтымақтастық мәселелері талқыланды", – деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі. 

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттама жасалды.

Сапар барысында Асқар Мамин Түркімен басы Гурбаноғлы Бердымұхамедпен кездесті. Түркімен президентімен кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың барлық саласы бойынша ынтымақтастық келешегі талқыланды

Асқар Мамин ҮАК Түркіменстан президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапарынан кейін іле болып отырғанын, яғни бұл сапардың ынтымақтасты одан әрі дамыту мен тереңдете түсуге күш беретінін атап кетті.

Тараптар көлік инфрақұрылымдарының және ортақ шекараның болуы есебінен екі ел арасындағы өзаратиімді ынтымақтастықты қалыпқа келтіруге зор әлеует бар екенін айтып, екі жақты сауданы айтарлықтай өсіруге күш салу керектігі атап көрсетілді.  

2016 жылы сыртқы сауда айналымы 2015 жылмен салыстырғанда 59%-ға артып, 283,5 млн доллар болған.

Тараптар  Түркімен президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында уағдаластықты жоғары деңгейде іске асыру бойынша қолданылатын шараларды қабылдау, сонымен бірге орташамерзімді келешекте сауда айналымын  1 млрд долларға дейін арттыру қажет екендігін айтты.

Түркімен президенті түркімен елінің Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға атсалысатын айтты.

Аскар Чокин, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу