Қазақстандық конькимен жүгіруші Елизавета Голубева әйелдер арасындағы масс-старт бағдарламасында екінші жартылай финалда сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды.
Жарыс жартылай финал кезеңінен басталды. Голубева екінші іріктеу тобында бақ сынады. Шешуші кезеңге өту үшін спортшыларға алғашқы сегіздіктің қатарына кіру қажет еді.
Қазақстандық спортшы мәреге жетінші болып келіп, финалға шығу міндетін орындады.
Финалда барлығы 16 конькиші жүлде үшін таласады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу