Елизавета Матвеева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

131

Қазақстандық спортшы Қытайдағы құрлықтық додада биіктікке секіруден үздік үштікке енді.  

Елизавета Матвеева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетиканың секіру түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық Елизавета Матвеева қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз биіктікке секіру сайысында 1.80 метр нәтижесін көрсетіп, үздік үштікке енді.

Осы бағдарламада өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Надежда Дубовицкая 1.75 метр көрсеткішпен тоғызыншы орынға тұрақтады.

Ал ұзындыққа секіруден сынға түскен Анастасия Рыпакова 5.52 метр нәтижемен 12-орын алды.

Айта кетейік, жеңіл атлетиканың секіру түрлерінен Азия чемпионаты биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Жарыстың екінші күнінде Мария Ефремова мен Полина Иванова ел намысын қорғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу