Эльмира Сыздықова Азиадада күміс жүлде алды

200

Эльмира Сыздықова Азиада финалында күресті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Эльмира Сыздықова Азиадада күміс жүлде алды Фото: sports.kz

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта финалда белдесті.

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері шешуші кездесуде Париж Олимпиадасының және әлем чемпионатының жеңімпазы, жапониялық Юка Кагамиге қарсы шықты. Белдесу 1:5 есебімен аяқталды.

Сыздықова жарыс барысында моңғолиялық Даваанасан Енх-Амарды 4:1, ал қытайлық Венжи Лиді 9:8 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған еді.

Осылайша, Эльмира Сыздықова өз мансабында алғаш рет Азиада финалына шықты. Ол бұған дейін 2018 жылғы Азия ойындарында қола жүлде иеленген.

Эльмира Сыздықова – Азиада финалына шыққан қазақстандық балуандардың қатарын толықтырды. Бұған дейін бұл нәтижеге Елена Шалыгина, Жәмила Бақбергенова, Жұлдыз Эшимова, Гузель Манюрова және Ольга Смирнова қол жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу