Елордада ат спортынан Әлем кубогы кезеңі өтеді

345

Ауқымды деңгейдегі жарыстар қазақстандық спортшыларға өз шеберліктерін арттырып, халықаралық турнирлерге біліктілік жолдамаларын алуға мүмкіндік береді.

Елордада ат спортынан Әлем кубогы кезеңі өтеді Фото: canva

30 мамыр 1 маусым аралығында Астана қаласының "Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешені базасында ауқымды халықаралық жарыстар – конкурдан Еуразиялық Лиганың Әлем Кубогының кезеңі және Атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнир өтеді.

Жарысқа алыс және жақын шетелден алты елдің мықты құрама командалары қатысады деп күтілуде. Іс-шара халықаралық стандарттарға сәйкес Халықаралық ат спорты Федерациясының қолдауымен өткізіледі.

Еліміздің ат спорты федерациясы мәлім еткендей үш күн ішінде 60-тан аса үздік спортшы әр түрлі кедергілерден тұратын  маршруттар мен  атпен жүруден  өз шеберліктерін көрсетеді деп жоспарлануда.

Астанада Әлем Кубогының кезеңін Қазақстанда өткізу ат спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл – тек ел үшін ғана емес, барлық ат спорты жанкүйерлері үшін маңызды спорттық іс-шара болмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу