Елордада талантты жастар турнирі өтіп жатыр

979

Елордада 600 бала қатысқан футбол турнирі аяқталды. Бастапқыда бұл жарысқа 5 мыңға жуық бала қатысты. 

Елордада талантты жастар турнирі өтіп жатыр

Өткен жылы мақұлданып, алғашқы жарыстары өткен бұл доданың ерекшелігі өз алдына. Өйткені, футбол орталықтары мен футбол мектептерінің сайысы емес. ЖКФЛ тек жеке футбол клубтарының қатысуымен ғана өтеді. Яғни, жеке кәсіпкерлер ашқан командалар арасында ғана өтеді. Соңғы кездері ел аумағында осындай жеке кәсіпқой командалар саны көбейді. Білікті бапкерлер алып, өз қаржыларына футбол үйірмесін ашып жүргендерге жарыс ұйымдастыру тарапынан үлкен көмек қажет. Соны ескерген Қазақстан футбол федерациясы ЖКФЛды құрды. Биыл бұл жарысқа 5 мыңға жуық бала қатысты. Еліміздің әр аймағынан іріктеліп шыққан кіл мықтылар Елордадағы "Футбол үйінің" манежінде финалдық кезеңді бастады.

Оған 2012/13 жылғы балалардан 10 команда, 2010/11 жылғы балалардан 10 команда, 2008/09 жылғы балалардан 12 команда, 2006/2007 жылғылардан 7 команда қатысып жатыр. Жалпы алғанда қазір 38 команда өз ойындарын өткізіп жатыр. 7 қараша күні финалдық ойындар өтеді. Сол кезде ЖКФЛ лигасының 2022 жылғы жеңімпаздары да анықталады. Жеке кәсіпқой клубтардың чемпионаты тартысқа толы. Бұл командалардың ішінде дарынды балалар өте көп болып шықты. ЖКФЛ жарысына қатысып көзге түскен ойыншылар түбі Қазақстан ұлттық құрамасына да алынатын болады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу