Елордалық хоккей командасы қатарынан төртінші ойында жеңіліс тапты

153

Жеңіліске қарамастан "Барыстың" бас бапкері ойыншылар 200 пайыз күш жұмсағанын айтты. 

Елордалық хоккей командасы қатарынан төртінші ойында жеңіліс тапты

"Барыс" Екатеринбургте өткен ойыннан кейін ұзаққа созылған қонақтағы матчтар сериясын аяқтады. Ойынға Эмиль Галимовтың орнына Максим Мұхаметов қосылды. Қақпада алғашқы минуттардан бастап Никита Бояркин тұрды.
Бірінші кезең голсыз өтті. Есеп тек екінші кезеңде ашылды. 31-минутта Стефан гол соқты. 37-минутта Тайс Томпсон есепті теңестірді.

Жеңімпаз овертаймда анықталды. 56-минутта Ярослав Бусыгин "Автомобилистке" жеңіс сыйлады. 

Осылайша, астаналық команда қатарынан төртінші рет жеңілді.

Матч аяқталған соң баспасөз мәслихаты өтіп, елордалық ұжымның бас бапкері ойынға қатысты пікір білдірді. 

Жаттығу залында айтқанымдай, шабуылшылар соққыға, жаттығудағы жұмысқа көбірек көңіл бөлуі қажет. Ал ойын бойынша мен ризамын. Бүгін біздің шетелдік ойыншыларды тағы көрдім. Олар өте жақсы ойнады. Жеңіс үшін бірлесіп күресті. Ешкім бейқам болмады. Барлығы 200 пайыз күш жұмсады.

Қарсыластың қақпашысы жақсы ойнады. Алғашқы екі кезеңде шайбаны жеткілікті алып жүре алмадық. Қорғаушылар кейде гол соғуға мүмкіндік бермеді. Қақпашы кедергі жасады, кейде шайба қақпа штангасына тиді. Бұл хоккей, - деді Михаил Кравец.

15 қаңтарда "Барыс" өз алаңында "Нефтехимикпен" кездеседі. Серия аясында 17 қаңтарда ЦСКА-мен де ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу