Елордалық пара спортшылар қол күрестен әлем чемпионы атанды

294

Жарыста Қазақстан атынан өнер көрсеткен астаналық спортшылар 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордалық пара спортшылар қол күрестен әлем чемпионы атанды Фото: Astana news

Үндістан астанасы Нью-Делиде пара қол күрестен әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Байрақты бәсекеге 25 елден 500-ден астам спортшы қатысып, әлемдік додада бақ сынады.

Жекелей нәтижелерге тоқталсақ, Бекзат Бүркітов сол қолмен күрестен қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал оң қолмен күресте күміс жүлдегер атанды.

Есенгелді Мақенай да оң қолмен күрестен топ жарып, әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Никита Ермаков сол қолмен күрестен күміс медаль еншілесе, Арыслан Әбдеханов екі қолмен де өнер көрсетіп, қос күміс жүлдеге ие болды. Ал Нұрлан Балтабай оң қолмен күрестен қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Астана спортшылары әлем чемпионатын жеті жүлдемен қорытындылап, ел қоржынына қомақты үлес қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу