Елордалық велокоманда маусымды жеңіспен бастады

168

Еуропада велоспорт маусымы ресми түрде басталды. 

Елордалық велокоманда маусымды жеңіспен бастады

XDS Astana Team командасының велошабандозы Кристиан Скарони Испанияда өткен маусымның алғашқы жарысы – "Камп де Морведре классикасында" жеңіске жетіп, еуропалық жарыстар күнтізбесін ашты. Скарони соңғы Альто де Гарби асуында Антонио Тибери мен Диего Пескадормен бірге шабуылға шықты. Көшбасшылар асу шыңында аздаған басымдыққа ие болып, төмен түсу кезінде жылдамдықтарын одан әрі ұлғайта түсті. Нәтижесінде, спринтте Скарони тамаша нәтиже көрсетті.

"Ең алдымен командам мен барлық жігіттерге алғыс айтқым келеді. Командадағы әріптестерім алғашқы шақырымдардан-ақ керемет жұмыс атқарды. Сондықтан бұл жеңіс бәріміздің ортақ табысымыз. Хаоюй Су, Никола Кончи және Томас Сильва жарыс жолының алғашқы жартысында нәтижелі еңбек етті. Сол арқылы біз жарысты толық бақылауда ұстадық. Екінші асуда бірнеше шабандоз қауіпті шабуыл жасады. Бірақ мен бірден жауап бермей, командаластарымды күттім. Менің соңымнан Тибери мен Пескадор ілесті. Шыңда және одан кейінгі төмен түсу кезінде қарсы жел қатты болды. Бұрылыстан кейін көшбасшылықты ұстап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадым. Алғашқы жарысымда-ақ жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Бұл біздің команда үшін маусымның тамаша бастамасы болды", – деді Кристиан Скарони.

Сондай-ақ XDS Astana Team командасының тағы бір велошабандозы Диего Улисси 6-нәтиже көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу