Эльвира Азимова халықаралық бақылаушылармен конституциялық реформа жобасын талқылады

190

Кездесуге Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов қатысты. 

Эльвира Азимова халықаралық бақылаушылармен конституциялық реформа жобасын талқылады Фото: Конституциялық сот

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) Сайлау департаменті директорының орынбасары Улви Ахундлу бастаған миссиясымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында ДИАҚБ өкілдері Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның Конституция жобасы бойынша жүргізген жұмысы, сондай-ақ азаматтардан келіп түскен ұсыныстар мен өтініштерді қарау тәртібі туралы хабардар етілді.

Комиссия мүшелері комиссия жұмысы ашық және айқын үдеріс негізінде жүргізілгенін, азаматтардан түскен ұсыныстардың жан-жақты талданғанын, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы пікірталастардың ескерілгенін атап өтті. Қазіргі уақытта жаңа Конституцияның әзірленген жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған. 2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.

Эльвира Азимова жоба әзірлеу барысында ЕҚЫҰ ДИАҚБ мен Венеция комиссиясының сараптамалық қорытындылары, сондай-ақ БҰҰ-ның ратификацияланған шарттары мен басшылық қағидаттарының ережелері ескерілгенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мұндай үдерістерде сараптамалық пікірді және қоғамдық талқылау нәтижелерін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу