Еңбек министрлігі фрилансерлерді негізгі фискалды шегерулерден айырды

3191

АҚС келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғаларға зейнетақы жарнасын төлеуді міндеттеген ведомство оларға қосарланған табыс салығын салған.

Еңбек министрлігі фрилансерлерді негізгі фискалды шегерулерден айырды

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) келісімшарт бойынша жұмыс істейтін адамдарға зейнетақы жарнасын төлеуді міндеттеуі – осы санаттағы жалдамалы қызметкерлердің жүктемесін арттырғаны былай тұрсын, онысын мүлдем әділетсіз жасаған. Фрилансерлерге ипотека және ең аз жалақы (ЕАЖ-28284) бойынша ғана емес, сондай-ақ зейнетақы жарнасы бойынша фискалды мүліктік шегеруге тыйым салынған. Аbctv.kz-ке заңға қосымша енгізудің маңызды мәселелері жайлы түсінік берген қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің пікірінен осындай қорытынды түюге тура келеді.

Бұған дейін салалық ведомство вице-министрі Светлана Жақыпова abctv.kz-ке: "Салық комитеттері шілдеден бастап есептейді. Ал біз болсақ, құқық қолдану практикасы Қазақстанның барлық аумағында бірдей әрекет етуі керектігін айтып отырмыз. Негізі заң шілде айында қабылданған, содан кейін екі ай өткеннен кейін премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес қаулы шығарылды, сондықтан қаулы күшіне енген күннен бастап зейнетақы жарнасын талап ету керек. Яғни қазан айынан бастап зейнетақы жарнасы аудара бастауға тиіс", – деген болатын.

Мемлекеттік кірістер комитеті abctv.kz-ке АҚС келісімшарты бойынша жұмыс істеп жүрген жеке тұлғалардың салық салынатын табысын анықтауда салықтар бойынша стандартты 1 ЕАЖ мөлшерімен есептеу құқы қолданылмайтынын айтты. Бұған қоса, фискалдар, фрилансерлер "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-тағы ипотекасы бойынша төленген пайыздар мөлшеріне салынатын өзінің салық базасын және медициналық қызметке арналған шығысын азайта алмайды. Ал штатта жұмыс істейтін қызметкерлер болса осы жеңілдіктердің бәріне ие, сондықтан бұл АҚС келісімшарты бойынша жұмыс істейтіндерге деген әділетсіздікті көрсетеді.

Шартты "келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер" салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2-3 тармақшаларында көрсетілген шегерулерге ғана құқы бар. Осылайша, фрилансерлер үшін қолдануға рұқсат етілген есептеулерге ҰОС соғысына қатысушы және оған теңестірілген адамдар, тылда жұмыс істегендер, I, II немесе III топтардағы мүгедектер, сондай-ақ "бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның ата-анасы/асырап алушысы/қамқоршыларының бірі үшін берілген жеңілдіктер жатады.  

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген АҚС келісімшарты бойынша жұмыс істейтін халықтың міндетті зейнетақы жарнасын (МЗЖ) есептеу әдістемесі көп сұраққа түрткі болған еді. Салалық ведомство осыған қатысты қойылған сауалдарға жауап бермей, барлығын МКД-ға сілтеуде. Ал фрилансерлер болса әдісті еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндіру керектігін, сонымен қатар МЗЖ-ны қалай дұрыс есептеу керектігін де айтып кетті.

Зейнетақы жарнасы есептелген табыстан есептелетін болады деп отыр МКД. Бұл жарнаны жұмыскерлердің өзі әр айдың 25-інен кешіктірмей "Азаматтарға арналған үкімет" ҰАҚ-ға төлеу керек. Сондай-ақ МЗЖ-ны енгізуге байланысты фрилансерлердің жеке табыс салығын (ЖТС) есептеуде өзгеріс болмайды.

Мұның не екенін мынадай қарапайым мысал арқылы түсіндіруге болады. Егер АҚС келісімшарты бойынша жұмыс істейтін адам есептік айда шамамен 100 мың теңге табыс тапса, онда табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарнасы есептелген табыстың 10%-ын құрайды. Олар үшін МЗЖ бойынша салықтық есептеу қолданылмайтынын МКД-ды мойындап отыр.

Басқаша айтатын болсақ, ЕӘҚМ фрилансерлердің зейнетақы жарнасына екі табыс салығын салып қойған, яғни табысты алған кезде және зейнетке шыққанда БЖЗҚ-дан зейнетақы жарнасын алғанда табыс салығын ұстайды. Негізі жалпы аталған салықтық есептеуде осы үшін қолданылады. Бірақ барлығына бірдей қолданылмайды.

Қорытындылай келе, ЕӘҚМ-ның АҚС келісімшарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін МЗЖ енгізуге біріктіріп қойған декларация тапсыруға тоқтала кетсек. ЖТС мен әлеуметтік салық бойынша декларация толтыру үшін күнтізбелік тоқсан есептік кезең болып табылады және ол салық органдарына тұратын мекенжайы бойынша келесі есептік кезеңнің екінші айының 15-інен кешіктірілмей өткізілуге тиіс. ЖТС және әлеуметтік салық декларациясы , нақтырақ айтсақ, 200.00 форманы салық төлеушілер оңайлатылған декларация негізінде жасайды. Құжат декларациядан (200.00 форма) және салықтық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты толық көрсетуге арналаған қосымшадан (200.01-ден бастап 200.04 бойынша) тұрады деп түсіндірді МКД.

Салық комитеті 15 қарашаға дейін қанша декларация өткізілгенін Салық комитетндегілер айта алмайды, өйткені 200.00 СЕФ-та АҚС келісімшарты бойынша жұмыс істеп жүрген жеке тұлғаларды санатқа бөлу қарастырылмаған, осыған сәйкес, аталған салық төлеушілер туралы ақпарат жоқ. Қазіргі уақытта Қазақстанда 128 мың адам ресми АҚС келісімшартын жасаған. Ал қанша адамды көлеңкеден шығаруға болады және зейнетақы жарнасына түсетін ықтимал түсім қанша болады деген сауалға ЕӘҚМ нақты жауап бере алмады.

"Ешкім мұндай болжам жасап отырған жоқ. Біз адамдарға зейнетақы жүйесіне қатысуға мүмкіндік беріп, өздерінің ертеңгі күні жайлы ойлауы туралы айтамыз", – деп қорытындылады вице-министр Светлана Жақыпова.

Майра Медеубаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу