Енді әскерге шақыру SMS арқылы хабарланатын болады

379

Қазақстан Үкіметі әскери қызметке шақыру тәртібін жетілдіруге бағытталған қаулы жобасын жариялады.

Енді әскерге шақыру SMS арқылы хабарланатын болады Фото: gov.kz

Құжат "Әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы қаулыға өзгерістер енгізуді көздейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жобаның мақсаты – әскерге шақыруды ұйымдастыруда бірыңғай тәсіл қалыптастыру.

Енді әскерге шақыруды кейінге қалдыру рәсімі мемлекеттік қызмет көрсету арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар, әскери есептегі азаматтарға жолданған SMS-хабарламалар ресми шақырудың заңды түрі ретінде қарастырылмақ.

Ашық НҚА порталында жарияланған құжат қоғам талқылауына ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу