Енді білім беру ұйымдарында тексерулерді алдын ала ескертусіз жүргізуге болады

5320

Аталған норма балалардың құқықтары бұзылған жағдайда тексеруге дайындалу мүмкіндігін болдырмайды.

Енді білім беру ұйымдарында тексерулерді алдын ала ескертусіз жүргізуге болады Фото: canva.com

Енді еліміздің білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулерді алдын ала ескертусіз жүргізуге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл сәуір айында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңға қол қойылды. Заң шеңберінде жоспардан тыс тексерулер жүргізу тәртібі өзгертіледі. Енді еліміздің білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулерді субъектіні алдын ала хабардар етпей және тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүргізуге болады.

Аталған норма балалардың құқықтары бұзылған жағдайда тексеруге дайындалу мүмкіндігін болдырмайды. Мұндай фактілерге мемлекеттік органдар тарапынан жедел реакция осы бұзушылықтарды анықтауға және болашақта осындай жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті білім беру ұйымдарына тұрақты негізде тексерулер жүргізеді. Жақында жүргізілген тексеру барысында Ақтөбе облысында екі мектептің 1-4 сынып оқушыларын және халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларынан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етуде бұзушылықтар анықталды.

Талаптарды орындамаған лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. Бүгінгі күні бұл бұзушылықтар жойылды.

Айта кетейік, осы сынды іс-шаралар республика бойынша жаңа нормаларға сәйкес жалғасатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу