Енді Бразилияда әйелдерді жек көру қылмыс болып саналады

200

Бразилияда әйелдерге қатысты жеккөрушілік әрекеттерді қылмыс ретінде тану туралы заң жобасы қарастырылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Енді Бразилияда әйелдерді жек көру қылмыс болып саналады Фото: canva

Жергілікті сенат мұндай әрекеттерді мисогиния ретінде бағалап, оны нәсілшілдікке қарсы заң аясында қарастыруды мақұлдады.

Ұсынылған нормаға сәйкес, әйелдерге бағытталған жеккөрушілік, кемсіту және қудалау әрекеттері үшін 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және айыппұл салу қарастырылған.

Алайда заң жобасы әлі толық күшіне енген жоқ. Ол Бразилия парламентінің төменгі палатасында қаралып, соңғы шешім қабылдануы тиіс.

Егер заң қабылданса, Бразилияда әйелдерге қатысты жеккөрушілік әрекеттерге қарсы құқықтық жауапкершілік күшейтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу