Енді еліміздегі банктер ислам шартымен несие беріп бастайды

266

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Банктер туралы жаңа заң жобасы ашық жария талқылауға шығармақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді еліміздегі банктер ислам шартымен несие беріп бастайды Фото: canva.com

Егер жоба мақұлданса, отандық банктер ислам шарттары бойынша жұмыс істей бастады. Яғни, исламдық қаржыландыру дамытылмақ.

Сонымен қатар, дәстүрлі банктерге исламдық қаржы өнімдерін ұсынуға мүмкіндік беріледі. Бұл үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін бір лицензия бойынша жүзеге асады.

Заң бойынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту көзделіп отыр. Өтініштерді қараудың үш деңгейлі жүйесін енгізіледі. Қаржы институттарының ашықтығы мен жауапкершілігі де артпақ.

"Банк жүйесінің тұрақтылығын арттыру мақсатында төлемге қабілетсіз банктерді реттеу жүйесін реформалау және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту қарастырылған", – делінген агенттіктің ақпаратында.

Бұған қоса банктер бюджет ақшасын оңды-солды жұмсай алмайды. Төлемге қабілетсіз банктер есеп айырысу кезінде мұқият болуға тиіс. Өйткені, мемлекет қаражатын пайдалану шарттары қатаңдатылады. Алайда жүйелік маңызы бар банктерге қатысты ерекше жағдайларда мемлекеттік қолдау көрсетуі ықтимал.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бір емес, екі заң жобасын әзірлеп жатыр. Олар – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".

Банктер ислам шарттарын негізге алып қана қаймай, финтехке баса назар аударатын болады. Себебі заң жобалары экономикалық белсенділікті ынталандырудың өзекті мәселелерін шешуге және финтех секторын одан әрі дамытуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу