Енді Қазақстан туризмін 20 млн жазылушысы бар блогерлер насихаттайды

Бұл туралы Kazakh tourism ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.  

Енді Қазақстан туризмін 20 млн жазылушысы бар блогерлер насихаттайды Фото: thetourismtimes.com

Аудиториясы өте ауқымды халықаралық блогерлер еліміз туралы контент түсіруге қазақ баласынан шақырту алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Анығын айтқанда, олар "Туризм саласының үздігі" марапатының және "Әлемнің үздік тревел-блогері" номинациясы бойынша халықаралық WIBA Awards 2026 сыйлығының иегері Дастан Мұхамедрахымның (bydastann) шақыртуымен Алматыға аялдаған.

Шетелдік қонақтардың арасында YouTube-те 20 миллионнан астам аудиториясы бар иорданиялық режиссер-деректі фильмдер түсіруші Джо Хаттаб (joe_hattab) және TikTok пен Instagram-да көпмиллиондық қауымдастықты қамтитын америкалық тревел-блогер Джошуа Платильеро (megaamerican) айрықша көрінеді.

Сапар аясында блогерлер еліміздің туристік мүмкіндіктеріне арналған бірлескен түсірілімдер жүргізбек.

– Біз Қазақстанның сұлулығын көрсетуді жоспарлап отырмыз. Керемет контент күтіңіздер, – деді Дастан Мұхамедрахым.

Шынын айту керек, мұндай ауқымды инфлюенсерлердің елге келуі қазақстандық туризмді сөзсіз дамытады және танымалдығын арттыра түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу