Енді кейбір кәсіпкерлер тоқсан сайын салық есебін тапсырмайтын болды

353

Үкімет салық есептілігін біртіндеп қысқартып келеді. 

Енді кейбір кәсіпкерлер тоқсан сайын салық есебін тапсырмайтын болды Фото: farabi.university

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндеттемелерінің сомасы 1 млн теңгеден аспайтын кәсіпкерлер үшін мүлік, көлік және жер салықтары бойынша қазіргі төлемдердің тоқсан сайынғы есеп айырысулары күшін жояды. Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

"Біз салық есептілігін біртіндеп қысқартып келеміз. Салық есептілігі нысандарының саны жыл сайын азаюда. Мысалы, 2009 жылдан бері  70-тен 28-ге дейін немесе 60%-ға қысқарды. Енді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша: міндеттемелерінің сомасы 1 млн теңгеден аспайтындар үшін мүлік, көлік және жер салықтары бойынша ағымдағы төлемдердің тоқсан сайынғы есеп айырысулары күшін жояды. Кәсіпкер жыл қорытындысы бойынша бір декларация тапсырып, жыл қорытындысы бойынша төлейтін болады", – деді Мәди Такиев.

Маңызды жаңалық – есептілікті ұсынбағаны үшін "айыппұлдар" практикасынан бас тарту, деді ведомство басшысы.

"Егер декларация тапсырылмаған болса, ол нөлдік көрсеткіштермен берілді деп есептеледі, бұл ретте қосымша есептілікті беру және деректерді дұрыс нақтылау құқығы сақталады", – деп атап өтті Қаржы министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу