Енді мектептерді бағалау өзгереді

17458

Уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізді.

Енді мектептерді бағалау өзгереді Фото: inbusiness

Қазақстанда мектептерді бағалау өлшемшарттары өзгертіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жақында Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылғы 15 мамырдағы №106 бұйрығымен білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді.

Құжатқа сәйкес, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалауына арналған өлшемшарттар жаңа редакцияда жазылды.

"Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 45%-дан жоғары, гимназиялар – 50%-дан жоғары; шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін мектептер – 30%-дан жоғары болуы тиіс", – деп жазылған.

Айта кететіні, мамандығы бойынша жұмыс өтілі 10 жылдан асатын мұғалімдерге "педагог-сарапшы" біліктілік санаты беріледі.

Бұдан басқа толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 35%-дан 44% аралығында, гимназиялар – 40%-дан 49% аралығында делінген.

Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін бұл көрсеткіш жалпы білім беретін мектептер – 25%-дан 29% аралығында.

"Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін: жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 25%-дан 34% аралығында, гимназиялар – 30%-дан 39% аралығында болуы тиіс.Шағын жинақталған білім беру ұйымдарында:жалпы білім беретін мектептер – 20%-дан 24% аралығында болса, толық жинақталған білім беру ұйымдарында: жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 25%-дан төмен, гимназиялар – 30%-дан төмен; шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін: жалпы білім беретін мектептер – 20%-дан төмен болуы тиіс", – деп көрсетілген.

Бұйрықта жазылғандай, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін бұл көрсеткіш 65%-дан жоғары.

Оның ішінде аудандық немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер болған жағдайда деп көрсетілген.

Министрлік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, яғни колледжерді бағалауға арналған өлшемшарттарға да өзгерістер енгізіп отыр. Бірқатар көрсеткіштер жаңа редакцияда жазылған.

Әсіресе, бұл педагогтер санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушінің, педагог-шеберлердің және магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылым докторы және тағы да басқа ғылыми дәрежесі бар адамдардың үлесіне қатысты.

Тиісті бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 60 күннен соң қолданысқа енгізіледі деп күтіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу