Бұдан былай мұғалімдерге қол көтергендердің де жазасы ауырлайды

1484

Бұл бағытта бірқатар ұсыныстар бар. 

Бұдан былай мұғалімдерге қол көтергендердің де жазасы ауырлайды Фото: Толк

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев дәрігерлерге ғана емес, мұғалімдерге шабуыл жасайтындарға да жаза күшеюі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл жерде тәрбие мәселесі бар. Қазіргі кезде қоғамда біздің азаматтарымыз мемлекеттік қызметкерлерге немесе мемлекетке жақын квазимемлекеттік сектордағы, қоғамдық қызметкерлерге де шабуыл жасайды. Мәселе тек медицина қызметкерлерінде ғана емес, басқа салалардағы азаматтарды да құқықтық қорғау болу керек деп есептейміз. (...) Соңғы кезде мұғалімдерге де шабуыл жасала бастады. Әрине, заңда мұғалімдерде қорғау бар деп жазылған. Оны да қарастырып отырмыз. Біраз уақытта ұсыныс болады. Депутаттармен бірге оны ақылдасып, қоғамға жеткіземіз деп ойлаймын", – деді Ермек Көшербаев.

Айта кету керек, бұған дейін Оқу-ағарту министрі лицензиясыз жұмыс істеген мектептер туралы айтқанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу