7 қыркүйектен бастап қазақстандықтар міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын 100% инвестициялық портфельді басқарушыға аудара алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
БЖЗҚ хабарлауынша, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді.
"Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізілімінен қажетті ИПБ-ны таңдауы қажет. Бұл туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы "Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға беру – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі" бөлімінде орналастырылған. Одан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш беру қажет. Мұны БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады", – делінген хабарламада.
Осылайша салымшылар компаниялардың көрсеткіштерін зерделеп, өз қалауы бойынша капиталын ұзақ мерзімді перспективада көбейте алады. Қазір зейнетақы активтерін басқаруға алты компания айқындалған.