Ендігәрі утильалым туралы сөз қозғамаймын – Роман Скляр

1529

Бүгін Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр утильалым жойылмайтынын байқатты.

Ендігәрі утильалым туралы сөз қозғамаймын – Роман Скляр

"Мен бұл мәселе жөнінде бір емес, бірнеше пікірімді білдірдім. Бұл тақырыпты бұдан былай қозғамайтынымды атап өтейін, өйткені бұл бәріміз үшін де, сіздер үшін де бесенеден белгілі шаруа. Бірақ бүгін тағы да айтамын. Популисттер кез-келген уақытта айтсын, акцияларды өткізе берсін. Бірақ үкімет өнеркәсіпті дамыту үшін жұмыс істейді", – деді Скляр.

Оның айтуынша, басты міндет – сапалы әлі өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құру. Сондай-ақ ол, мемлекет жастарды оқытып, олар заманға сай кәсіпорындарда жұмыс істеуі керектігін айтты. Қазақстан тек азық-түлік және көлік саласында ғана емес, өнеркәсіптік қауіпсіздік тұрғысынан да тәуелсіз болуға тиіс екенін де жеткізді.

"Наурызда айттым: осы сұраққа тереңірек қараңыздаршы өтініш. Бұл кімге пайдалы? Бұл салық төлемейтін ең аз жұмыс орындарын құратын импорттаушыларға пайдалы. Мен мысал келтірдім, тағы да қайталаймын, өйткені бұл тақырып қайта-қайта көтеріле береді. Мысалы, ауылшаруашылық техникасын шығаратын бір шетелдік компания оны бізге жібереді, бірақ оны көптеген жылдар бойы басқа еуропалық компания бізге сатады келіп. Сіздер бұған ашуланбайсыздар ма? Біз Петропавлда өндірісті ашқан басқа да компаниялар барын айтамыз, бұл соншалықты қымбат емес. Бірақ олар мұны қаламайды, өйткені олар үлкен маржаларын жоғалтады. Себебі өнеркәсіптік құрастыру туралы заңда былай делінген: біздің еліміздің аумағында орналасқан зауыт тек өндіруші зауыттан сатып алуы керек. Яғни, оның барлық құны ашық болуы керек", – деді Скляр.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу