Ерасыл Қажыбаев дзюдодан Хорватиядағы Гран-придің қола медалі үшін бақ сынайды

121

Загребте (Хорватия) дзюдодан Гран-при турнирінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр.

Ерасыл Қажыбаев дзюдодан Хорватиядағы Гран-придің қола медалі үшін бақ сынайды Фото: olympic.kz

Қазақстан атынан Ерасыл Қажыбаев 100 келіден жоғары салмақта финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз ширек финалда Ушанги Кокауримен (Әзірбайжан) кездесіп, қарсыласына жол берді. Дегенмен жұбаныш белдесуінде хорватиялық Никита Свиридті айқын басымдықпен жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Осылайша Ерасыл Қажыбаев қола медаль үшін өтетін кездесуде Саба Инанеишвилимен (Грузия) белдеседі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу