Ербол Хамитов III дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды

130

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Ербол Хамитов III дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарындағы (Италия) жоғары спорттық жетістіктері үшін Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Туризм және спорт министрлігіне қарасты Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жаттықтырушылары Василий Коломиец пен Антон Ждановичке "Парасат" ордені, Солтүстік Қазақстан облысындағы "Үміт" мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубының жаттықтырушысы Аслан Тоқбаевқа "Құрмет" ордені табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу