Швецияның Турсбю қаласында өткен IBU пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Ербол Хамитов жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ербол Хамитов 7,5 шақырымға спринт жарысында 19:38.0 уақыт нәтижесімен мәре сызығын бірінші болып қиды.
2024 жылы ол Канададағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, Әлем кубогы кезеңдерінде бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болды.
Сондай-ақ, ол биыл ақпан айында Словенияның Поклюка қаласында өткен әлем чемпионатында алтын алды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        