Ердоған Ираннан ұшырылған зымыранның жойылуына қатысты мәлімдеме жасады

233

Анкара Тегеранға қатаң ескерту жасаған.

Ердоған Ираннан ұшырылған зымыранның жойылуына қатысты мәлімдеме жасады Фото: minval.az

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Иран аумағынан Түркияның әуе кеңістігіне қарай ұшырылған баллистикалық зымыранға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Түркия басшысының айтуынша, аймақтағы күрделі кезеңде Түркия қандай жағдай болмасын өз шекарасы мен әуе кеңістігінің қауіпсіздігін белгісіздік жағдайға қалдырмайды. Анкара НАТО-дағы одақтастарымен тығыз ынтымақтастықта барлық қажетті шараларды қабылдап жатқаны және қажет болған жағдайда жедел әрекет ететіні айтылды. Оның сөзінше, Түркия тарапы мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін "қатаң ескерту жасаған".

"Түркияның ел мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген ерік-жігері мен мүмкіндігі ең жоғары деңгейде тұр", – деді Түркия басшысы.

Бұған дейін Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Ираннан елдің әуе кеңістігіне қарай ұшырылған баллистикалық зымыранның атып түсірілгенін хабарлады. Нақтыласақ, Шығыс Жерорта теңізінде орналасқан НАТО-ның әуе және зымыранға қарсы қорғаныс күштері зымыранның көзін жойған.

Осы жағдайдан кейін Иранның Анкарадағы елшісі Түркияның сыртқы істер министрлігіне шақырылған. Сондай-ақ елдің СІМ басшысы Хакан Фидан телефон арқылы ирандық әріптесі Аббас Аракчимен сөйлесіп, жанжалдың одан әрі ушығуына әкелуі мүмкін кез келген әрекеттен бас тарту қажеттігін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу