Ереуілдің пайдасы тиді

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2643

Әлемдегі мыс тапшылығы салдарынан KAZ Minerals PLC компаниясының акциялары екінші күн қатарынан өсіп отыр.

Ереуілдің пайдасы тиді

13 ақпан күнгі сауда қорытындысына жүгінсек, Қазақстан қор биржасында Kazminerals-тың қарапайым акциялары 10 ақпан күнгі саудамен салыстырғанда 8,6%-ға – 2400 теңгеге дейін өсіп, 78,5 млн теңгенің акциясы сатылды. Бұл 2011 жылдың ақпанындағы акцияның бағасы 3800 теңге болғаннан бергі ең жоғары баға. Алайда мыс бағасы 2008 жылдың мамырындағы 4524,28 теңге деңгейіне әлі жетпеді.

10 ақпан күнгі сауда қорытындысында компания акцияларының KASE-дегі құны 2210 теңге болып, 79,5 млн теңгенің акциясы сатылды. Лондон қор биржасындағы Kazminerals компаниясы акцияларының құны бес күнгі сауда қорытындысында 570,5 пенске өсті. 13 ақпан күні де Астана уақытымен акция құны 1,23%-ға, яғни 577,5 пенске өсті. Осы күні ең арзан баға 571 пенс, ең жоғары баға 589,86 пенс болды. Дәл қазіргі уақытқа дейін 1,6 млн фунт стерлингтің акциясы сатылды.

Bloomberg мәліметіне жүгінсек, 8 брокерлік үйі Kazminerals акцияларын сатып алуға, ал 9-ы ұстай тұруға, 3-і сатуға кеңес береді. Сарапшылардың құнды қағаздар бойынша соңғы мақсатты бағдары: Exane BNP Paribas (6 ақпан) – 600 пенс, Macguare (4 ақпан) – 670 пенс.

Дәл қазіргі уақытта Лондондағы металл биржасында мыстың бір тоннасының бағасы өткен бейсенбідегі 5800-5900 доллармен салыстырғанда 6100 доллардан қымбатқа сатылды. Мыс бағасы әлемдегі екі ірі шахта жұмысындағы іркілісі аясында өсті, бұл қызыл металл тапшылығына әкелуі мүмкін.

Goldman Sachs Group Inc. сарапшылары 8 ақпан күні таратылған шолуда таяу уақытта металл бағасының бір мезгілде өсуіне орай мыс нарығында тапшылық болуы мүмкін деп көрсетті. Алдағы 6 айда банк бағасы 6,2 мың доллар деңгейінде сақталады. Goldman сарапшылары Қытайға берілетін несиенің артуы металлургия саласына сұраныстың үдеуіне әкеліп, мыс нарығында тапшылық туындатуы мүмкін деп болжайды.

2016 жылы Қытай тарапынан тұрақты сұраныстың артуынан және инфрақұрылымға үлкен шығын келтірілетіндіктен, сонымен бірге АҚШ президенті Дональд Трамп салықты төмендетуі салдарынан мыс бағасы 25%-ға қымбаттаған.

Әлемдегі ірі мыс кеніші – Чилидегі BHP Billiton Ltd. компаниясының Эскондида кеніші және Индонезиядағы Freeport-McMoRan Inc. компаниясының Грасбергтен жеткізудің келешектегі іркілісі өсуге жаңа серпін берді.

Эскондида кенішінің 2,5 мың жұмысшысы 9 ақпан күні ВНР кәсіподағымен арада бонус төлеу жөніндегі келіссөзі нәтижесін бермегеннен кейін мерзімсіз ереуілді бастады. 2011 жылы осы кеніште екі апта ереуіл жасалғаннан кейін компания әр жұмысшыға 49 мың доллар бонустан төлеген. Бұл – Чилидің мыс тарихында төленген ең үлкен төлем.

Индонезияда Папуа провинциясының Грасберг шахтасынан өңделмеген мыс экспорттау тоқтатылып, үкіметпен келіссөз жүргізіліп жатыр. Компания әзірге концентратты қаттап жатыр. Алайда қойманың аздығына байланысты ақпан айының ортасынан бастап оған экспортқа қатысты мәселені шешуге тура келеді.

Barclays Plc биылғы жылы мыстың 39 мың тонна профициті ұсынысын болжап отыр, олар әлемдік алғашқы өндірістің 5%-ы 20,7 млн тонна іркіліс кезінде жоғалады деп есептейді. Эскондидадағы өндірістің тоқтауы салдарынан нарық аптасына шамамен 24 мың тонна өнімді жоғалтады.

UBS Group AG былтырғы жылмен салыстырғанда 2017 жылы мысты жеткізуде үлкен ірікіліс болады деп болжайды. Сарапшылардың пікірінше, биыл мыстың бір тоннасының құны 6600 доллар болады. Ал Citigroup сарапшылары биылғы жылы мыс тапшылығы болады деп болжауда.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу