ERG Магнитканың үздік жеткізушісі атанды

Аскар Чокин Аскар Чокин
2837

2016 жылы ССТКБ Магнитогорск металлургия комбинатына шамамен 7 млн тонна темір кенін жіберген. 

ERG Магнитканың үздік жеткізушісі атанды

Еуразиялық топ  (ERG) құрамына кіретін "Соколов-Сарыбай тау-кен кәсіпорын бірлестігі" АҚ-тың  бас серіктесі  Магнитогорск металлургия комбинаты (ММК) 2016 жылды қорытындылап, Еуразиялық топтың қазақстандық  кәсіпорны ERG Sales-ті "Темір-кен шикізаты" номинациясы бойынша үздік деп танып, арнайы құрмет дипломымен марапаттады деп хабарлайды Eurasian Resources Group (ERG).

ССТКБ-ның тарихы тұтастай Магнитогорск металлургия комбинатымен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда Ресей мен ТМД-ның ірі металлургиялық кәсіпорны болып табылатын  Магнитогорск металлургия комбинатын ССТКБ жарты ғасырдан астам  уақыттан бері  темір кені шикізатымен қамтамасыз етіп келеді.

2016 жылдың желтоқсан айында "Магнитогорск металлургия комбинаты" ААҚ (ММК) мен Eurasian Resources Group (ERG ) арасында стратегиялық келісімшарттың жасалуы – мықты және өзаратиімді серіктестік қарым-қатынастың тағы бір дәлелі болды. Тараптар 2020 жылдың соңына дейін "МКК" ААҚ-ға  ССТКБ өндіретін шекемтас пен концентратты қоса алғанда 30 млн тоннадан астам темір кен шикізатын жеткізуге келісім жасады. Бұл – келісімшарт соңғы уақытта салада жасалған ірі келісімшарт болды.

"Біздің компания металлургия саласы үшін жоғары сапалы шикізат жеткізуде және  клиент көңілінен шығуда сенімді жеткізуші дәрежесін тағы бір дәлелдеді. Қол қойылған келісім "ССТКБ" АҚ-тың ұзақмерзімді тұрақты өсуі үшін мықты негіз болып табылады. Ол Қостанай облысында  ғана емес, сонымен бірге бүкіл ел үшін жүйе қалыптастырушы кәсіпорын болып саналады. ММК-пен арада жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қуаныштымыз", – деді ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич келісімге қол қою салтанаты кезінде.

2016 жылы ССТКБ ресей комбинатына шамамен 7 млн тонна темір-кен өнімін, сонымен бірге құрамында 66,18% темір бар 4 млн тонна темір-кен концентратын және құрамында 63,43% темір бар флюстелмеген 2 млн тоннадан астам шекемтас жеткізген. ММК осы жылдың  алғашқы тоқсанының өзінде  600 мың тонна шекемтас пен 1 млн тоннадан артық концентратты жеткізіп үлгерді. 2017 жылы ресей нарығына жеткізуді арттырудың келешегі бар.

"Жылдың ең үздік жеткізушісі болу – құрметті дәреже. ССТКБ Магнитогорск металлургия комбинаты жұмысының тұрақтылығы мен сенімділігін бағалап, тәжірибемен алмасудың өте тиімді мүмкіндігі болған іскери байланыстардың нығая түсетініне үміттенеді. ССТКБ пен ММК-тың еңбек ынтымақтастығы – басқалар үшін тау-кен өндірісінің бірыңғай, тиімді технологиясын құруға үлгі болады. Кәсіпорын одан әрі қарай тұрақты жұмыс істейді деп үміттенеміз,  өйткені бұл Ресей мен Қазақстанның металлургиялық және тау-кен саласы үшін өте  маңызды", – "ССТКБ" АҚ президенті Береке Мұхамбетқалиев.

Аскар Чокин, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу