ERG өңірлерді дамытуға басымдық береді

1211

 Еуразиялық Топ 2018 жылы өңірлерге 924 млрд теңге бөлді. 

ERG өңірлерді дамытуға басымдық береді

ERG-дің қосалқы құнға қосқан толық үлесінің (81%) басым бөлігін еліміздің төрт негізгі облысы еншіледі. Компания 2018 жылы төрт облыстың жалпы аймақтық өніміне 924 млрд теңге қосты. Оның 543 млрд теңгесі - Павлодар облысына (47%), 174 млрд теңгесі - Ақтөбе облысына (15%), 159 млрд теңгесі - Қостанай облысына (14%) және 48 млрд теңгесі - Қарағанды облысына (4%) тиесілі болды. 19% немесе 220 млрд теңге басқа облыстарға жұмсалды. Бұл туралы "ERG-дің Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі" атты зерттеуде жазылды.

"Еуразиялық Топ кәсіпорындарының ЖАӨ-дегі толық аймақтық үлесі тікелей қосымша құннан 1,63 есе асты. Ең тиімді мультипликативті әсер Ақтөбе облысында қалыптасты. Бұл жерде жеке қосымша құнның 100 теңгесіне аймақ экономикасына қосымша 76 теңге қосылды. Облыстардың ЖАӨ-дегі толық аймақтық үлес бөлінісі бойынша Павлодар облысы (24% ЖАӨ) көш бастап тұр. Соңғы алты жылда мұнда ЖАӨ толық үлесі 4,8 есе артып, 2013 жылы  5%-дан 2018 жылы 24%-ға  жетті", – деп атап өтті зерттеу авторлары.

Айта кетейік, ERG-дің 2018 жылы Павлодар облысының аймақтық жалпы өніміне қосқан толық үлесі облыстық бюджет шығыстарынан 2,4 есе артық болды.

Дереккөз: Eurasian Resources Group

Естеріңізге салайық, бұған дейін Eurasion Resources Group компаниясының 2013-2018 жылдар аралығында Қазақстанның ішкі жалпы өніміне қосқан толық үлесі 5 трлн теңгені немесе 2%-ды құрағаны жарияланды. Бұл туралы "ERG тобының ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі" атты зерттеуде нақтыланды.

Өтіп бара жатқан жыл Eurasian Resources Group үшін ұзақ жыл атқарған жұмысын қорытындылайтын маңызды кезең болды. ERG Қазақстанда жұмыс істеген 25 жыл ішінде республикадағы тау-кен металлургия кешенінің үштен бір бөлігін еншіледіБүгінгі таңда Еуразиялық Топтың активтері құрамына минералды ресурстарды өндіруге және өңдеуге машықтанған, металлургия, энергетика, логистика, машина жасау салаларына бейімделген сонымен қатар бизнес-процестерді оңтайландыру арқылы өндіріске интеграцияланған кәсіпорындар кіреді. ERG-дің салық жүктемесі Қазақстандағы жалпы салық жүктемесінің орташа көрсеткішінен 3 есе артық.

ERG компаниясының Қазақстандағы активінің портфелінде ондаған компания бар. Еуразиялық Топ республика бойынша ферроқорытпа, темір рудасы, бастапқы алюминий тотығы мен алюминий, энергия және көмір өндіретін кәсіпорындарды біріктіреді. Холдингке Қазақстанның тау-кен металлургиясы саласындағы экспорттың 53,7%-ы және экспорттан түсетін түсімнің 6,7%-ы тиесілі. Өнім Ресейге, Қытайға, Жапонияға және Еуропалық одаққа жеткізіледі.

Қанат Махамбет

Мақала әріптестермен бірлесіп әзірленді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу