Еркебұлан Канафин Сурдлимпиаданың чемпионы атанды

453

Қазақстандық дзюдошы финалдық белдесуде мажар дзюдошысы Патрик Отвошты жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еркебұлан Канафин Сурдлимпиаданың чемпионы атанды Фото: Туризм жəне спорт министрлігі

Жапонияда өтіп жатқан Сурдлимпиадада Ұлттық Құрама спортшысы Еркебұлан Канафин (81 келі) финалдық белдесуде мажар дзюдошысы Патрик Отвошты сенімді түрде жеңіп, Сурдлимпиаданың чемпионы атанды.

– Қазақстандық спортшы жарыс бойы қарсыластарына мүмкіндік бермей, шешуші кездесуде де басымдықты толық өз жағында ұстай алды, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу